Konstitutsia banner mobile

Мәдениет

Облыс орталығында “Петропавл ән шырқайды” жазғы алаңқайы ашылды

Осы жерде әркім уақытын тиімді өткізіп, өнерін жұртшылыққа таныта алады. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындар жазғы алаңның ашылғанына риясыз куанышты.

– Жанұямен бірге келіп демалып тұрамыз.

– Сүйікті әндерімізді шырқаймыз, би билеп көңіл көтереміз.

Аман Керейбаев мұндай кештердің ұйымдастырылуы жастардың бір-бірімен танысуына сеп болады әрі жасы келген адамдардың денсаулығына оң әсерін тигізеді дейді.

Аман Керейбаев, қала тұрғыны:

-Жұмыстан соң шығып осы жерде қыдырамыз. Жас болған соң қыздармен танысамын.

Бірінші күннің өзінде-ақ, алаңда ерекше мерекелік атмосфера орнады. Тұрғындар облыстық филармония ұжымының өнерін тамашалады, олармен қосыла ән шырқап, би билеп бір марқайып қалды.

Николай Колокольчиков, облыстық филармонияның солисі, ҚР Мәдениет қайраткері:

-Бұл алаңның ашылғаны бәріне жақсы. Адамдар бір-бірімен жиірек араласатын болады. Ал облыстық филармония ұжымы аптасына 3 рет осы жерге келіп, тұрғындарға сағат кешкі 7-ден 21-00-ге дейін ретро және заманауи әндер шырқайды.

Караокемен ән айтып би билеуге арналған жазғы алаңқай әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері суық түскенше жұмыс істемек.


 

Берик Касен