Қоғам

Ел келешегі мемлекеттік тілдің болашағымен тығыз байланысты

Нұрлан Жамантаев, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:

-“Мәңгілік ел” және “Мәңгілік тіл” – ажырамас екі түсінік. Біз, қазақстандықтар, көпұлтты мемлекетте тұрамыз, сондықтан мемлекеттік тіл біз үшін біріктіретін күш болып табылады.

Стратегиялық құжаттың “Біртектілік пен бірлік” деп аталатын 4-ші тармағы қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға , “Мәңгілік Ел” құндылықтар жүйесін дамытуға бағытталған. Осы орайда өңірімізде атқарылып жатқан шаруа аз емес. Облысымызда басқа этнос өкілдерінің салт-дәстүрін сақтауға және ана тілдерін оқытуға жағдай жасалған. Қазіргі таңда 630-ға жуық бала өз ұлтының тілін үйренуде. Басым көпшілігі – 422 оқушы полякша сөйлеуге машықтанып жүрсе, қалған 207 тыңдаушы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде өз халқының тарихы мен мәдениетін оқып-үйренуде.

Нұрлан Жамантаев, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:

 

-Үстіміздегі жылы “Қызылжар” қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығында 140 топта 2000-нан астам мемлекетті қызметші мен өңір тұрғындары тілдерді меңгеруде. Оның ішінде 136 топта қазақ тілі, 4 топта ағылшын тілі оқытылуда. Сондай-ақ, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында ұйымдастырылған 1000-жуық үйірмеде 12 000 астам тыңдаушы қазақ тілін үйренуде.

Бірлігі күшті ел озады демекші, біз одан әрі татулығымызды бекемдеп, Ұлт көшбасшысы ұсынған “100 нақты қадам” бағдарламасын жұмыла жүзеге асырсақ, алда алар асуымыз көп болмақ.

Берик Касен