Бизнес және экономика

Жыл басынан 31 тұлға салықтық заңнаманы бұзған

Жасұлан Байқанов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

-Біз рейдтік шараны ІІБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Негізгі мақсатымыз – жеке кәсіпкерлердің құжаттарын тексеру, бақылау-кассалық машинасының болу тәртібін қадағалау. Сондай-ақ, алкогольдік өнімдерге лицензияның бар-жоқтығын тексереміз. Кәсіпкер бірінші рет заңбұзушылық жасаса ескерту алады. Олқылықтар бір жылдың ішінде түзетілмесе, 15-тен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.

Мамандардың айтуынша, заңбұзушылықтардың көбі ірі сауда орындарында жиі байқалады. Сондықтан, олар рейдтік шараны “Алтын Адал” базарынан бастады.

“Голышев” жеке кәсіпкерлігі ерлерге арналған аяқ-киімдер сатумен айналысады. 10 жылдан астам уақыт осы істен табыс тауып жүрген Владимир Танков салық заңнамасындағы ережелерді қатаң ұстануға тырысамын дейді. Мамандар оның ісінен еш кінәрат таппады.

Владимир Танков – “Голышев” ЖК сатушысы:

-Менде сауда жасауға рұқсат беретін құжаттарым бар. Бақылау-кассалық машинаны да орнаттым. Заңды бұзбауға тырысамын.

Петропавл қаласы бойынша кірістер басқармасының мамандары осындай рейдтік шараларды облыс орталығындағы өзге де сауда нүктелерінде өткізбек.

 

 

Култанов Байболат