Мәдениет

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына – 170 жыл

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

-Осыдан 20 жыл бұрын Ұлы ақынның 150 жылдығында туған жері Семейде болдым. Ол жерде Елбасымыз Шәкәрім мен Абайдың мемориалдық кешенін өз қолымен ашты. Айтулы мерейтойды күллі әлем болып дүркіретіп тойлады.

Кеш барысында ақынның өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді. Әдеби-сазды кешке келген еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары Абайдың шығармашылығымен кеңірек танысып, өлеңдерінен үзінді тыңдады. Айта кеткен жөн, Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 2006 жылы “Абай орталығы” ашылған болатын. Бүгінде білім ошағының шәкірттері ақын әлеміне тереңдей бойлаған.

Зағипа Егзам, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

-Мен 5-сыныптан бастап ақынның өлеңдерін жаттаймын. Ол кісінің жырлары тұнып тұрған лирика, тәрбиелік мәні зор. Биыл облыстық Абай оқуларына қатысарда 100 өлеңін жатқа оқып, бас жүлде жеңіп алдым. Енді туған жерінде өтетін республикалық додаға бармақшымын.

Биыл Абай Құнанбаевтің туғанына 170 жыл толып отыр. Бұл айтулы датаны барша қазақстандықтар атап өтуде. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бүгінгі бастамасы өңіріміздегі барлық мәдени ошақтарында жалғаспақ.

 

 

Акбопе Танирберген