Білім

Ұлт жоспарындағы 4 нақты қадам білім саласын жаңғыртуға арналған

Күлпаш Қалғожина, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Дамыған елдердің отыздығына ену үшін біз осы бастан халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, шетелдің білім беру әдісін мұғалімдердің біліктілігі мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіруде қолданып жатырмыз. Бүгінде мыңнан астам мұғалім Кембридж бағдарламасы бойынша үш деңгейлік оқыту курстарынан өтті. Биыл облысымыздағы 2 білім ошағына, атап айтсам, Петропавлдағы №16-шы және М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар орта мектептеріне жалпыға міндетті бастауыш сыныпқа арналған мемлекетік стандартын енгізбекшіміз.

Қазақстандық ұстаздар мен оқушылардың, студенттердің білім сапасы дамыған елдердің деңгейімен тең болуы қажет. Осы бағытта үш тілді жетік меңгеру басты назарға алынған. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожинаның айтуынша бүгінде өңір мектептеріне бірте-бірте Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру әдісі енгізілуде.

Күлпаш Қалғожина, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Осылайша, біз алдағы уақытта оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытпақпыз. Сөйтіп, олар келешекте мектептен алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана алатын болады. Бұдан басқа білім ошақтарында балалалардың білімін бағалау жүйесін біраз өзгерту керек.

Сондай-ақ Елбасы “100 нақты қадам” бағдарламасында жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ондағы мақсат – кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттырып, білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру.

 

 

Берик Касен