Қоғам

СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Ақан Сыздықов – СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

-Бүгінгі күні бюджет пайдасына 16 млн теңге өндірілді. Келеңсіздіктерге жол берген 133 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына бақылау объектілерінің 15 материалы тапсырылды.

Биыл қаржылық заңбұзушылық фактілері өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көбейген дейді мамандар.

Ақан Сыздықов – СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

-Былтыр қаржылық бақылау инспекциясы қаржы ісіндегі 7 млн теңгеден астам соманың заңбұзушылығын анықтады. Бұл – биылғыдан сәл төменірек көрсеткіш. Сонымен қатар, біз жыл сайын 3 ауданның бюджетін тексереміз. Осы мақсатпен алдағы уақытта Есіл және Ғ. Мүсірепов аудандарына бару жоспарлануда.

Енді жуырда облыстық бюджет республикалық бақылаудан өтпек.

 

 

Айгерим Ержанова