Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданының прокуратурасы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Уалихан Каримов – Қызылжар ауданының прокуроры:

-Биылғы жылдың алғашқы алты айында ауданда қылмыстық оқиғалардың саны артты. Қозғалған істің саны – 311. Заңбұзушылықтардың көбісі ішімдік ішкен адамдар арасында орын алған. Мұндай жағдайлар жастар арасында да тіркелуде. Мәселен, Новокаменка орта мектебінде жоғары сынып оқушысы төменгі 8-сынып оқушысынан ақша талап еткен. Қазір бұл оқиға тергелу үстінде.

Айта кеткен жөн, ауданда алимент өтеуден жалтарып жүргендер де прокурорлардың бас қатырарлық мәселесі болып отыр.
Бұл аумақта алимент төлейтін 450 азаматтың 10-ы қарызын уақытында қайтармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Үш борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

Уалихан Каримов – Қызылжар ауданының прокуроры:

-Біздің мамандарымыз алимент төлемей жүргендермен кездесіп, оларға заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіреді. Борышкерлердің 30% өздерінің жұмыссыз екендерін айтады. Аудандағы көкек ата-аналардың жалпы қарызы 2,5 млн теңгеден асып отыр. Қазір олқылықтың орнын толтыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда, сондай-ақ, жұмысшыларға жалақы төлеу мәселесі де қадағалауда.
“Бескөл тұқым өсіру станциясы” ЖШС өзінің 72 қызметкеріне тиісті жалақыларын төлемеген соң іске прокурорлар араласып, еңбекақы бойынша жиналып қалған 4 млн теңгеге жуық қарыз өтелген.

 

 

Култанов Байболат