Мәдениет

Петропавлда жерлес ақын-жазушылардың туған күні аталып өтті

Татьяна Сарычева – И.Шухов атындағы қалалық кітапханасының қызметкері:

-Теріскей жерінде оқырманға танылған ақын-жазушылар аз емес. Біздің кітапханамыздың басты мақсаты – олардың шығармашылықтарын насихаттау. Тамыздың алтысы күні жерлес жазушымыз Иван Шуховтың туғанына – 109, ал ақын Борис Петровтің дүниеге келгеніне 96 жыл толып отыр.

Осыған орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі жиынға әдебиетсүйер қауым мен ақын Борис Петровтің қызы Валентина Петрова да қатысуда. Ол қалың жұртшылыққа әкесінің өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп берді.

Валентина Петрова – Борис Петровтің қызы:

-Ең қызықтысы, Иван Шухов пен әкем бір күнде дүниеге келген. Ол кішкентайынан Иван Шуховтың шығармашылығымен таныс болыпты. Әсіресе, оған романдары мен повестері ұнаған екен. Оның басты арманы – жазушы Иван Шуховпен кездесу еді. Бірақ, екі жерлес бір-бірімен тек 1949 жылы ғана танысыпты. Содан бастап ол менің әкеме қамқоршы болған.

Қос тұлғаның шығармашылығымен қала тұрғындары жақсы таныс дейді кітапханашылар.

 

 

Айгерим Ержанова