Білім

СҚО-нда оқулықтарды жаңарту жұмыстарына 400 млн теңге бөлінген

Ал қала мектептеріндегі оқулықтарды жаңартуға 156 млн 387 мың теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінде облыс орталығындағы білім ұялары кітаптармен 100% қамтылды. Олардың барлығы Алматы, Шымкент, Көкшетау қалаларынан басылып шыққан дейді мамандар.

Гүлмира Әлжанова – Петропавл қаласы білім бөлімінің әдіскері:

-Петропавл қаласы білім бөлімі 14 баспамен шарт жасады. Қорландыру циклы бойынша 2015-2016 оқу жылында 4,5,6,11-сыныптарға арналған оқулықта, 3-сынып ағылшын оқулығы қайта басып шығарылды.

Енді қалалық 36 мектептегі 20 мыңнан астам бала жаңа оқулықтар бойынша білім алмақ. Соның бірі – Қазақ мектеп-гимназиясы. Жақында бұл мекеменің кітапхана қоры тағы да 9 мыңға жуық оқулықпен толықты.

Назгүл Молдахметова – Қазақ мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі:

-Биылғы оқу жылында біздің мектебімізге 8589 дана кітап әкелінді. Бұл – ата-аналар үшін де, оқушылар мен ұстаздар үшін де қуанышты жаңалық. Қазіргі оқулықтардың бәрі жарқын, суреті көркем, балалар қызыға оқиды. Кітаптар тартымды келеді.

Жалпы, мектептердегі оқулықтарды жаңарту 4 жылда бір рет жүргізіледі. Бұл жұмыстар өңірімізде осы жолы тамыз айының 10-на дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова