Қоғам

Облыстық кәсіпкерлер палатасында прокурорлар мен кәсіпкерлер отырысы өтті

Облыс орталығында аталған жайтқа байланысты жыл басынан 52 іс қаралған. Нәтижесінде, 1 милионнан астам қаражат тәркіленген. Қала прокурорларының айтуынша, алкогольді заңсыз сату салдарынан қылмыстық оқиғалар орын алады екен.

Жасұлан Смағұлов – Петропавл қаласы прокурорының орынбасары:

 

-Қылмыстық оқиғалар көп жағдайда ішімдік ішкен адамдар арасында болады. Сондықтан, біз қаладағы кәсіпкерлерге алкогольдің сатылу уақытын тағы бір түсіндіріп жатырмыз. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бизнес өкілдері ережені сақтаған жөн. Ал, заңбұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкерге айыппұл салынады. Талап орындалмаса бизнес өкілі сауда жасау лицензиясынан айырылады.

Айта кету керек, биыл қала прокурорлары «Шенеунік-кәсіпкер» акциясын өткізуде. Шара барысында Петропавлдағы барлық сауда орындарында алкогольдік өнімдерді заңды түрде саудалау ережелері қадағаланады. Жеке кәсіпкер Алексей Писаренко бизнесім заң бойынша жүріп жатыр дейді.

Алексей Писаренко – “Писаренко” ЖК директоры:

-Біз алкогольдік ішімдіктерді сату барысында заң талаптарын міндетті түрде орындап отырдық. Ешқандай ережебұзушылық болған жоқ. Түнгі уақытта ішімдік іздеп көп адам келеді. Алайда, бізге қойылған тәртіп қатаң. Сөредегі өнімді сатамыз деп лицензиямыздан айрылғымыз келмейді. Сондықтан, барлық кәсіпкерлерге ережені сақтау керек.

Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге 10-нан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

 

Култанов Байболат