Қоғам

Ұлт жоспарында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселесі қаралған

Сергей Худяков – СҚО азаматтар альянсы қауымдастығының төрағасы:

-Бағдарламада жазылған қатардағы азаматтар қабылдаған шешімдердің пәрменділігі мен жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту жұмыстың жүйелі болуына сеп болады. Өйткені, мемлекет тұрғындардың әрбір айтылған ойларын ескере отырып қызмет етпек. Ұлт жоспарында мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру жазылған. Осылайша, елімізді бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу мүмкіндігі тумақ.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту аясында алдағы уақытта селолық округ, село, аудандық маңыздағы қалалардың дербес бюджеттері жасақталмақ. Ал облыс орталықтары мен республикалық маңыздаға қала тұрғындарының бюджетті бірлесіп жасақтау мүмкіндіктері болмақ.

Сергей Худяков – СҚО азаматтар альянсы қауымдастығының төрағасы:

-Елбасының “100 нақты қадам” бағдарламасы аясында өте маңызды іс атқарылғалы отыр. Бұрындары біздерде мемлекет тарапынан бөлінген қаржы тек тиісті органдар анықтаған жұмыстардың атқарылуына жұмсайтын. Енді қазір, сол қаражат халықтың келісімімен жұмсалатын болды. Мысалы, тұрғындарға жол мәселесі қиындық тудыруы мүмкін. Ал үкімет басқа жұмыстарды атқаруды жоспарлады деп есептейік. Осындай жағдайларда тұрғындармен сұрақ-жауап алмасу жүреді. Азаматтар қай мәселе маңызды деп тапса, сол жүзеге асады.

Жобада қаралған ауқымды жұмыстардың атқарылуына тиесілі ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді. Осы сынды мәселелер экономика министрлігі өкілдері және парламент депутаттарының қатысуымен 30 шілде күні Қарағанды қаласында өткен дөңгелек үстелде қаралыпты.

Култанов Байболат