МТРА жаңалықтары

Тамыз айындағы орташа айлық температура +17С болмақ

Александра Суркова:

-Шілде айы жаңбырлы болды. Тек бірақ рет көлде шомылдым. Сол себепті тамыздың тамаша болғанын қалаймын. Ашық күндер көп болса екен. Достарыммен осы маңда жиі қыдырамыз.

Тамаздың қалыпты болуын балаларымен қатар ересектер де тілейді.

-Жылы болса екен. Бәріміз демалатын.

-Тамызда ауа-райы жақсы болады деп ойлайм. Ыстық күнде көп болады деп үміттенемін. Жастар кешке көбірек серуендейді. Жылы ауа райы бәрімізге керек. Күз басталғанша жайма шуақ күндер көп болса екен.

-Біздің өңірде тамыз айында ми қайнатарлық ыстықтар, тоқтаусыз жауар жаңбырлар да болады. Аталмыш ай өзіндік құбылмалығымен ерекше.

Тамыздың алғашқы күндері облыс аумағында қоңыржай, жайма шуақ болды. Қазақ ырымында «тамыздың басы қалыпты болса, айда солай өтеді» деген ырым бар. Алайда, гидрометерологиялық қызмет мамандарының айтуынша аталмыш айда жауын-шашын көп болады.

Іңкәр Ескендірова – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

-Жауын-шашын айлық мөлшері мөлшер шамасында, кей жерлерде мөлшерден көп болады. Бірінші онкүндіктің ортасында кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін.

Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20 жылыны көрсетеді. Екінші онкүндікте қалыпты ауа райы сақталып, күн райы сәл болса да оң қабақ танытады.

Іңкәр Ескендірова – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

 

-Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 25-30 жылыға дейін жоғарылайды.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 26-31 жылыға дейін жоғарылайды. Кейін-түнде 4-9 жылы, кей жерлерде (минус)-1 градусқа дейін суытып, күндіз 12-17 жылы болады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Петропавлда ең ыстық ауа райы 1952 жылы тіркеліпті. Онда сынап бағанасы 38,6 көрсеткен. Ал, ең салқын күн дәл осы 26 тамызда 1971 жылы болған. Онда ауа температурасы -0,5 градус болған.

Култанов Байболат