Балалар

Петропавлда 65 орынға шақталған балабақша ашылады

Бизнесмен әу бастан мұндағы күрделі жөндеу жұмыстарына, құрылыс материалдары мен балабақшаға қажетті жиһаз, төсек-орын сатып алуға қаражаты жетпейтіндігін сезген. Сондықтан, мемлекет қолдауына жүгініп, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде 65 млн. тг. несие рәсімдеді. Банк шартына сәйкес, бизнесмен мемлекеттік жеке меншік әріптестікті қолдау аясында 6 жыл ішінде үстемақының тең жартысын ғана қайтаратын болды. Мемлекеттің қаржылай қолдауына жанамалай кәсіпкердің білім беру баласындағы 30 жылдық тәжірибесі бар. Бұл істі өрге домалатуға сеп болмақ.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры:

-Балабақша ісімен диқаншы, құрылысшы емес, тек өз ісінің мамандары ғана айналысуы тиіс. Балабақша педагогикалық, санитарлық, базистік оқу жоспарларына сай болу керек.

Бұқара ойлағандай жеке меншік балабақшаны ашу оңай шаруа емес. Алдымен, бірнеше инстанцияның тексерісінен өту қажет.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры:

-Осы ғимаратты ашпас бұрын қалалық әкімшілік, білім бөлімі, СҚО білім беру басқармасы, құрылыс басқармасы, жылу, электр қуатын беретін мекмелередің тексерісінен өттік. Содан кейін ғана осы мекемені ашуды ұйғардық.

Жеке кәсіпкер бұл нысанды табыстың кілтін табу үшін емес, қоғамға, бала тәрбиесіне тамшыдай болса да үлесімді қоссам ба деген ниетімен ашпақшы.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры:

-30 жылдық ұстаздық еңбек жолымда көргенім балабақшадан 1-сыныпқа келген балалар оқу бағдарламасын бірден меңгеріп кетеді. Ал балабақшада тәрбиеленген балаларда ортаға бейімделу 2-3 айға созылып кетеді. Кейде оқу бағдарламасынан қалып қоятын жағдайлар болып тұрады.

Балғын ата-әжесінің қолында өсіп, тәрбиесін алса, құба-құп. Десе де, тұлғалық қасиеттердің негізін қалыптасырып, заман ағымына ілесе алу үшін жеткіншекті міндетті түрде мектепке дейінгі мекемеге, білікті педагогтардың қолына тапсырған абзал дейді жерлесіміз.

 

 

Берик Касен