Қоғам

Облыс орталығында бірқатар қонақ үйлер пайда болмақ

Бүгіндері мұнда 40 адам еңбектенуде. Сөйтіп, алда нысанның 1-ші қабатын толығымен қалыпқа келтіру көзделген. Мұнда қонақтарға арналып мейрамхана, фитнес орталық және сауна жұмыс істейтін болады. Ал бөлмелерде толығымен жиһаз ауыстырылып, есіктер жаңартылмақ. Бір сөзбен айтқанда, қонақ үй жаңа кейіпке енеді. Қазір мұнда жедел сатылар орнатылып, жаңа терезелер қойылыпты.

Ал мынау өңір жетекшісі ат басын бұрған келесі нысан. Мұнда келешекте 120 жайлы бөлме, фитнес зал, бассейн, мейрамхана және конференц-зал орналасатын 7 қабатты 4 жұлдызды «Хэмптон бай Хилтон» қонақ үйі бой көтереді. Әзірге, құрылысқа қаржы құйып отырған инвестор – Дмитрий Кошелев облыс әкімі Ерік Сұлтановты бүгінгі күні тындырылған жұмыс барысымен таныстыруда.

Ал мынау «Арнау Құрылыс» қонақ үйі. Мұндағы негізгі жұмыстар өткен жылдың мамырында басталып, бүгіндері бар шаруаның 70 пайызы тындырылыпты. Қараша айында ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтап, нысан меймандарды қабылдауға даяр болады дейді кәсіпорын директорының орынбасары Дәурен Қасымғожин. Жалпы мейманханада 40 бөлме жасқаталмақ. Кейін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Ресторэйшн» ЖШС соқты. Мына 2,5 мың шаршы метрге жайғастырылған ғимаратта болашақта мейрамхана орналасады. Ол 500 адамға шақталған. Ал жанында 34 бөлмесі бар 4 қабатты отель тұрғызлмақ. Брусиловский көшесінде де жуық арада қонақ үй бой көтеретін болады. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов оның жобасымен де танысты. Мұнда мейрамхана, спа-салон, паркинг, фитнес орталық және нысанның жоғарғы қабатында қаламызға тән тың жаңашылдық, қысқы бақ пайда болмақ. Жалпы 9 қабатты нысан 70 адамды қабылдай алады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Егер қандай да бір мәселелер туындап жатса, не ұсыныс-өтініштеріңіз болса менің, не қала әкіміне айтыңыздар. Барлығын шешуге тырысамыз.

Мұндағы құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланған.

 

 

Магжан Ахмадина