МТРА жаңалықтары

Петропавлда қарызды өндіріп алу бойынша ведомствоаралық мобилдік топ құрылды

Данияр Тұрсынов, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

-Мобилдік топ шілденің 30-нан өз жұмысын бастады. Оның құрамына жеке сот орындаушылары, әділет департаментінің айыппұлды өндіріп алу жөніндегі бөлім басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен ӘПБ-ның қызметкерлері кірді. Біз бірлесіп аптасына 2 рет рейдке шығып тұрамыз. Мақсатымыз – жүргізушілерден айыппұлды өндіріп алу. Осылайша, жол ережесін сақтамайтындар мен борышкерлердің санын азайтпақпыз.

“Автоураган” атты мына жүйе мобилдік топтың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуде. Бейнекамералар 20 метр алшақта келе жатқан автомобильдің нөмірін лезде оқып, автоматты түрде көлік иесінің борыштарын анықтауға септеседі.

Осындай әдіспен бүгін мобилдік топ бірнеше петропавлдықтан жалпы сомасы 27 мың теңгенің айыппұлын өндіріп алды. Жалпы бүгінде әділет департаментінде жалпы көлемі 70 млн. теңгені құрайтын 5 мыңға жуық іс жатыр.
Бұдан бөлек жақында сот орындаушыларының жұмысын жеңілдету
мақсатында қалалық прокуратураның ұсынысымен облыстық әділет департаментінде прокурор кабинеті ашылды.

Данияр Тұрсынов, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

-Бұл кабинетте тұрғындар прокурорға сот орындаушыларының жұмысына қатысты шағым түсіре алады. Прокурор оларға берешекті өндіріп алу немес ол бойынша істің қанша уақыт қаралатындығын түсіндіреді. Кей азаматтар заң нормалары бойынша кеңес ала алады.

Прокурор кабинеті театр көшесі, 47- мекенжайындағы әділет департаментінде ашылды.


 

Берик Касен