Қоғам

Несиелеудің жаңа бағдарламасы

Амир Нұрмұқанов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ сауда дамыту секторының меңгерушісі:

-Егер сіз “Қызылжар” тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алғыңыз келсе, оның толық құнының 50 пайызын бірден ұсынасыз немесе жинайсыз. Кепіл затқа өзіңіздің немесе туыстарыңыздың мүлкін рәсімдеуге болады. Жаңа пәтерлер Партизан мен Жамбыл көшелерінің қиылысында салынып жатқан үйден сатылуда.

«Казградстрой-НС» компаниясының тұтынушыларына ұсынып жатқан пәтерлері – 1,2 және 3 бөлмелі әрі еркін жоспарланған. Бір шаршы метрінің ең төменгі бағасы құрылыстың бастапқы кезеңінде 140 мың теңге тұрады.

Валерия Новокшанова, «Казградстрой-НС» ЖШС сату бөлімінің басшысы:

-Біз әрқашан өз тұтынушыларымыз үшін жақсы жағдайлар туғызып, баспананы барынша қолжетімді қылуға тырысамыз. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен” арадағы серіктестіктің арқасында клиенттеріміз жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді төмен бағамен және енді тиімді пайызбен сатып алуына болады.

Мұндай ыңғайлы шарттың шарапатын бірнеше солтүстікқазақстандық пайдаланып та үлгерген. Құрылыстың аяқталар күнін отбасымен бірге Игорь Шлотгауэр асыға күтуде. ОларТұрғын үй құрылыс жинақ банкінде “Қолжетімді баспана” бағдарламасы аясында қаражат жинауды 2013 жылы бастаған. Мақсат – бір бөлмелі пәтерді екі бөлмелісіне ауыстыру.

Игорь Шлотгауэр:

-Құрылысы әлі жүріп жатқан баспана арзанға түседі. Банктің шарттары тиімді. Ұлыммен үнемі осында келіп, үйдің қалай салынып жатқанын байқаймыз. Өзіміздің қабатымызға да көтеріліп көрдік, жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы біздің пәтеріміз 2 бөлмелі, 11-ші қабатта орналасқан.

«Қызылжар» тұрғын үй кешені Петропавл қаласының орталығында салынған. 176 пәтерден тұратын 12 қабатты үй ағымдағы жылдың аяғында қолданысқа тапсырылады. Ал, 16 қабатты екі баспана келер жылы берілмек. Барлығы бұл жерде көппәтерлі 5 заманауи үй орналасады. Сондай-ақ, жаңа қоныс иелері үшін оларда балалар алаңқайы мен жерасты паркингі салынбақ.

 

 

Данаш Хамзина