МТРА жаңалықтары

Мамыр айынан 800 солтүстікқазақстандық “Ата-ана бақылауы” қызметіне қосылды

Юрий Гнусин, “Қазақтелеком”АҚ СҚ ОТД сауда директорының орынбасары:

-Жаңа оқу жылының қарсаңында біз тұрғындарға “Ата-ана бақылауы” қызметін ұсынамыз. Аталмыш қызметке 7 жасқа дейінгі немесе 12 жастан асқан балалары бар ата-аналар қосыла алады. Осылайша олар баласын қажетсіз ақпараттардан қорғай алады. Қосылу тегін. Қызмет құны жоғары емес. Айына небары 200 тг. Алынады.

Айта кету қажет, “Ата-ана бақылауы” қызметін “ID net” және “Мегалайнға” қосылғандар ғана пайдалана алады. Сервистік қызметті компьютерден басқа, планшет пен смартфонға жүктеуге болады. Бұл жаңашылдық солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты.

Сергей Гранский:

-Баласы үшін алаңдайтын әрбір жан “Ата-ана бақылауы” қызметін пайдаланғаны абзал. Өйткені, қазір балалардың көбі компьютер, планшетпен отырады. Интернетке қосылып, керексіз бейнероликтерді қарауы мүмкін.

Анастасия Кожемякина:

-Ана ретінде баламды қажетсіз ақпараттардан қорғағым келеді. Ғаламтордағы дүниелер оның сана-сезіміне кері әсерін тигізе ме деп қорқамын. Осы орайда “Ата-ана бақылауы” таптырмас қызмет.

“Ата-ана бақылауы” қызметі өңірімізде мамыр айында іске қосылды. Осы уақыт ішінде аталмыш жаңашылдықты 800 солтүстікқазақстандық пайдаланып үлгерген.


 

Берик Касен