Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ұлт бірлігі “100 нақты қадам” бағдарламасында жазылған

Онда қазақстандықтардың біртектілігін нығайту және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру жазылған. Жоспарда көрсетілген бағыт бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері елеулі істер атқаруда.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Облыста биылғы жылы “Келісім мен бейбітшіліктің жол картасы” мега-жобасы өтті. Оған өңірдің барлық аудандарынан этномәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Жоба аясында 47 іс-шара өтіп, оған 13 мыңнан аса адам ат салысты. Айта кеткен жөн, осы жылы “Тайқазан – қайырымдылық іс символы” атты шара да болды. Онда ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жетімдер үйі тәрбиеленушілеріне көмек көрсетілді. Бұл шараға 10 мыңнан аса адам қолқабыс білдірді.

Ұлт жоспарында тағы да көрсетілген мәселе өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құру. Біздің облыс аталмыш бағытты жүзеге асыруға таптырмайтын аймақ. Әсіресе, табиғаты сұлу Айыртау ауданында бұл саланың болашағы зор. Алдағы уақыттарда Шалқар көлі демалыс аумағында бірқатар жобалар іске аспақшы.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Ағымдағы жылы Айыртау ауданында “SALT-SANA” Этномәдени алаңы бой көтермек. Ол тарихи оқиғалар аясында жүзеге асады. Және осы маңнан “Шаңырақ” этномәдени галереясы құрылмақшы. Онда қазақ халқының салт -дәстүрі, тарихы суреттелетін болады. Ботай қонысы аумағында да жұмыстар атқарылады.

Және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы қазақ мәдениетін шекаралас елдерге таныстыру мақсатында да еңбек етуде. Айтар болсақ РФ Түмен, Омбы және Қорған аймақтары мен тығыз қарым-қатынастамыз. Зауралья халқы Ассамблеясы мен өңір хатшылығы келісімге келген. Қазіргі уақытта делегация мүшелері өзара жақсы байланыста.


 

Култанов Байболат