МТРА жаңалықтары

Тамыздың бірі күні “Мектепке жол” акциясы бастау алады

Гүлмира Каримова – қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі:

-Өткен жылдың қорытындысы бойынша балаларға 10 млн.теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілді. Оның ішінде 3 млн. теңгеге жуығын демеушілер қарастырған. Жалпы Петропавлда 36 білім беру мекемесі бар. Онда 20 мыңнан астам бала білім алатын. Ал оның бір мыңнан астамына мектепке дайындалу үшін ақшалай көмек қажет.

Жалпы қаламызда әлеуеті төмен отбасыдан шыққан балалардың көп бөлігі №7-ші және №2 орта мектептерде оқиды екен. Аталмыш білім ордаларының басшылары «Мектепке жол» акциясының маңызы зор дейді.

Әмина Байбурина – №2 орта мектеп директоры:

-Өткен жылы экономиядан 432 мың теңге бөлінді. Соны 48 балаға 9 мың теңгеден бөлдік. Оны ата-аналары керек-жарақтарына жаратты. Биыл біздің мектепте 45 бала бар.

Жыл сайын балғындарға көмек қолын созатын кәсіпкерлер де баршылық. Соның бірі «Диқаншы» ЖШС.

Иван Кондратов – «Диқаншы» ЖШС менеджері:

-Біз бұл іс-шараға жыл сайын ат салысамыз. Біздің серіктестік балалар үйіне көп көмектеседі. Балғындарға мектепке жиналудан басқа, оларды қыдыртып, экскурсиялар ұйымдастырамыз. Олар біздің болашағымыз. Сондықтан жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, әлеуеті төмен отбасыдан шыққан немесе патронаттыққа алынған балаларға көмектесу әр азаматтың парызы.

Биыл бұл игі шараға қала бюджетінен 1 млн 696 мың теңге бөлінген. “Мектепке жол” акциясы қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады.

 

 

Айгерим Ержанова