Спорт

Петропавлда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай веложарыс өтті

Алла Винникова, велосипед спорты бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиада резерві спорт мектебі директорының орынбасары:

-Сайыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұл жарыста жасөспірімдер үлкен және кіші топқа бөлініп бақ таластыруда. Қатысушылардың саны 50-ге жуық. Жалпы, бұндай жарыстарды біз жыл сайын өткіземіз.

Бірінші болып жарыс жолында бағын 13-жастан кіші спортшылар сынауда. Мінекей, мәре сызығын алғашқылардың бір болып Владимир Мулагалеев кесіп өтті. Осы спорт түрін жанына серік еткен жерлесіміз топ жарғанына қуанышты.

Владимир Мулагалеев, жарысқа қатысушы:

-Бұл жарысқа ерінбей, жақсы дайындалдым. Көріп тұрғандарыңыздай, нәтижем ойдағыдай. Болашақта биік белестерді бағындыруды армандаймын.

Жарыс соңында, жеңімпаздар диплом мен медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

Сагыныш Маркашева