Қоғам

Алдымыздағы жексенбі – темір жолшылардың төл мерекесі

Элетровоздың рөлінде жүрген 26 жастағы жігіт – бала кезінен дәл осы станцияда темір жолдың бойында өскенін айтады. Кішкентай тепловоз, паровоз ойыншықтары да болған екен. Оның себебі – Сергейдің аталары да осы жерде маңдай терін төккен. Бір сөзбен айтсақ, темір жолшы қызметі – Докторенколар әулетінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үндестік тауып келе жатыр.

Сергей Докторенко, Петропавл станциясындағы локомотив депосы электровоз машинисінің көмекшісі:

-Мен Қорған-Петропавл бағытындағы жүк поездін жүргіземін. Бұл жердегілер мен сияқты жас мамандарға көмек қолын созып, қолдау танытады. Өз қызметім ұнайды. Атам да арғы аталарым да дәл осы локомотив депосында қызмет еткен. Болашақта өз ұлымды да темір жолшы қыметіне баулымақ ойым бар.

Петропавл станциясындағы локомотив депосы сонау 1895 жылы құрылған. 120 жылдық тарихы бар. Ол жайлы құндылықтардың 10 мыңнан астамы мына мұражайда сақталған. Ал, станцияның алдында тұрған басты жәдігер – ЭУ 700/82 паровозының тарихы ерек.

Любовь Горшкова, Петропавл сттанциясындағы Локомотив депосы мұражайының экскурсия жетекшісі:

-Ол жергілікті теміржолшылар үшін өте қымбат. Себебі алғашқы паровоздардың бірі. ЭУ паровоздары бұл сияқты рельс бойында ұзақ пайдаланылмаған. Дәл осы қатынас құралы 40 жыл бойы локомотив депосында қызмет атқарған.

1931 жылы жасалған көне паровоз – 1984 жылы соңғы сапарына барып келгесін осы жерге орналастырылған.

 

Акбопе Танирберген