МТРА жаңалықтары

Жас туристер – Солтүстік Тянь-Шань тауына саяхатқа барып қайтты

Игорь Чапаев, “Планета” туристік орталығының тәрбиеленушісі:

-Тауға шығу үшін арнайы “жумар” құрылғысы пайдаланылады. Оны арқанға бекітіп жоғары шыға беремін. Егер аяғың тайып кетіп жатса, ол сені құлап кетуден аман сақтайды. Сондай ақ төмен түсу үшін “сегіздік” құралы қажет. Сонымен қатар туристің басында касканың болуы шарт.

Ал, бұл – балалардың саяхатқа алып барған салмығы 25-26 кг болатын сөмкелері. Олар тау баурайында арнайы шатыр құрып түнеген.

Ксения Иванова,”Планета” туристік орталығының тәрбиеленушісі:

-Біз бұл саяхатқа моральдық және физикалық тұрғыдан дайындалдық. Мұндағы жетекшілеріміз өзімізбен артық нәрсе алмас үшін, арнайы тізім берді. Сол бойынша – қалың қыстық күрте мен аяқ киім және тамақ алдық. Сондай-ақ, суық өткізбейтін туристік кілемшенің тигізген пайдасы зор болды.Тауға өрмелеген сайын, салқындай түсті. Бірақ өте қызықты.

Аспанмен таласқан биік шыңдарға өрмелеу қауіпті. Десе де, тауға өрмелеуге әуес жас туристер қиындықтарға мойымапты. Жетекшілерінің айтуынша – балалар тау басында аюға кездесіп қалмас үшін – ән салып, адасып кетпеу үшін картаға сүйенген.

Екатерина Вязанкина, “Планета” туристік орталығының педагогы:

-Біз мұндай сапарларға жыл сайын шығып тұрамыз. Алысқа немесе биік тауларға тек, 16-18 жастағы балаларды апарамыз. Біз Солтүстік Тянь-Шаньда жүргенімізде біздің қауіпсіздігімізге Алматы қаласындағы жас құтқарушылар ұйымы жауапты болды. Біз күніне бір рет оларға хабарласып отырдық. Егер туристер бір күн хабарласпаса, олар бірден іздеуге шығады.

Жалпы “Планета” туристік орталығы қаламызда осыдан 30 жыл бұрын құрылған. Сол уақыттан бері “Менің елім – Қазақстан” жобасының аясында – теріскейлік жасөспірімдерге өлкетанытудан дәрістер беріп жүр. Мәселен биылғы жылдың өзінде – орталық өкілдері Шалқар, Бурабай, Таулы Алтайда болып үлгерген. Ал алдағы уақытта Көкшетау ұлттық паркіне саяхатқа аттанбақ.

 

 

Акбопе Танирберген