Денсаулық сақтау

Петропавлда “Денсаулық мектебі” атты семинар өтуде

Наталья Капустина – Явленка орталық ауруханасының психологы, Есіл ауданы:

-Біздер үшін мұндай семинарлардың маңызы зор. Өйткені, біліктілігімізді артырып жатырмыз. Біздерге дәріс оқып жатқан мамандардың барлығы жоғары дәрежелі. Осы жерден алған білімімді өзімнің жұмысыма қолданамын.

Жалпы “Денсаулық мектебі” семинары теріскейде жыл сайын өтеді. Тренингта дәрігердің іс-әрекетіне қатысты ережелер, емделушімен дұрыс қарым-қатынас орнату амалдары айтылды. Интелектуалдық тақтаның көмегімен жиналғандарға түрлі аурулардың таралуы, және оның алдын-алу шаралары да көрсетілді.

Салтанат Мұқашева – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы директорының орынбасары:

-Еліміздің әр өңірінде мамандарымыз семинар-трениг өткізіуде. Біздің мақсатымыз – дәрігерлерге сапалы білім беру. Оларға емделушілерді тексеріп қана қоймай, өзара бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеу керектігін түсіндірудеміз.

Аталмыш іс-шара қаламызда апта бойына жалғасады. “Денсаулық мектебі” семинар-тренигына қатысқан әр маманға сертификаттар табысталады.

 

 

Култанов Байболат