Балалар

Өңірдің белсенді жастары бір жерде тоғысты

Динара Мақсұтова – “Азаматтық бастамалар институты” қоғамдық бiрлестiгiнiң сектор жетекшісі:

-Бұл лагердің негізгі мақсаты – жастардың басын қосу. Олардың демалыстарын жақсы өткізулері үшін жағдай жасау және әр ауданнан келген қатысушылардың ойларын білу, олардың өз ауданын және өз өлкелерін көркейтуге қатысты бастамаларын тыңдау үшін жиналып отыр.

Жалпы ұйымшыл жастардың басын қосқан жиында әр салада жұмыс жасайтын өмірлік тәжірибелері мол жаттықтырушылар да қатысуда. Олар кейінгі толқын өкілдерімен саясат, журналистика, әлеуметтік басқару мен өзін-өзі жетілдіру тұрғысында әдіс-тәсілдерімен бөлісуде. “Жастар ауылы” лагері алғаш рет өткізілсе де, шараға 150 белсенді жас жиналды. Әрбірі осы күндер ішінде өздерін жан-жағынан көрсетіп, ортақ мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарымен бөлісуге әзір.

Самат Накишев – “Жас дәурен” жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Тайынша қаласы:

-Осында Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан жас белсенділері жиналған. Оның ішінде кәсіпкерлер, ұстаздар да бар. Шарада жастар бірігіп, ойымызды бір арнаға келтіріп, “бір жағадан бас , бір жеңнен қол” шығармақшымыз.

4 күн бойы белсенді жастар викториналық ойындармен қатар жағажай футболы, волейбол спортттық ойындарынан да сынға түсіп, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізетіндеріне сенімді.

 

 

Бакыт Садуакасов