Қоғам

Облыс орталығында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-ҚХА бүгінде тұрақтылықтың кепіліне айналып отыр. Ассамблея конституциялық орган ғана емес, жалпыазаматтық, саяси және жалпыхалықтық институт ретінде қалыптасты. Өйткені ол бейбітшілік пен келісімнің белгісі. Бүгінде Ассамблея құрамында 23 облыстық, 127 аудандық этномәдени бірлестік бар. Облысымыздың әр тұрғыны біздің көмегімізді сезіну үшін бірнеше әлеуметтік жобалар қолға алынды. Ассамблеяның 20 жылдығына орай әр ауданда іс-шаралар өтуде. Және республика бойынша 11 әлеуметтік жоба жұмыс істеуде.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова этносаралық келісімді сақтаудың маңызына ерекше тоқталды. Ассамблея өкілдеріне бұл бағытта аса мұқият болуды тапсырды.

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-Облысымызда жалпы 47 қоғамдық келісім кеңесі бар. Біз олармен тығыз қарым-қатынаста болуымыз керек. Оның ішінде аудан орталықтары және селолық округтерімен бірлесіп нәтижелі жұмыс жасауымыз қажет. Яғни, ауылдық жерлердегі азаматтарды облыстық іс-шараларға шақырып, тартуымыз керек. Үлкен жетістікке қол жеткізу үшін тұрақтылық пен келісім болуы шарт. Бұл ретте Ассамблеяның алатын орны ерекше. Ұлттар бірлігін насихаттайтын ұйым болғандықтан, сіздер осы бағытта қойылған барлық міндеттерді атқаруларыңыз керек. Бұл басты талап.

Кейін Аққайың және Мамлют аудандарындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының жұмысы қаралды. Сонымен қатар, кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие беріп, жастардың діни сауатын ашу үшін өңірде жағдай жасалғандығы да айталды. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова оқу орындарымен де тығыз жұмыстар жасалу керек дейді. Жалпы кеңесте 3 сұрақ қаралды.

 

 

Айгерим Ержанова