МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлік нысандарын тексеру бір жүйеге келтіріледі

Мысалы, өткен жылы өңір прокурорлары осындай 76 фактіні анықтаған. Бұл заңға қайшы, әрі бизнесті өркендетуге тұсау салады. Осы жағдайды ескерген ҚР Бас прокуратурасы биылдан жөн-жосықсыз тексерістер мен қағазбастылықты азайту үшін бизнес иелері мен кәсіпкерлік нысандарын тексерудің бірыңғай реестрін құрды. Бұл бизнес иелері үшін әкімшілік кедергілерді азайтудың бір амалы.

Қуандық Жаппаров, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:

-Бұдан былай бақылау-қадағалаушы органдар жоспарлы, жоспардан тыс, таңдаулы тексерістердің барлығын прокуратура келісімімен жасайды. Бүгінде бизнес иелері мен кәсіпкерлік нысандарын тексерудің бірыңғай реестріне облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тіркелді. Ендігі “тексерістер картасына” ТЖД-і мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті қосылады.
Аталмыш органдар кәсіпкерді тексеруге қатысты мәліметтерді осы картаға енгізеді. Сөйтіп, бизнесмендер оны қай уақытта келіп тексеретінін және не үшін жауапқа тартылғанын ортақ базадан біліп отырады.

Қанат қақты жобамен семинар-кеңес барысында ТЖД-нің өкілдері танысуда. Аталмыш мекеме де өзге бақылау-қадағалаушы органдар сияқты кәсіпкерлік қызметіне негізсіз араласуын тыюы тиіс. Осы күні бірыңғай реестрге 4 мыңнан астам бизнес иесі мен 5 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны тіркеліпті.

Жеңіс Казиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

-Былтыр жергілікті кәсіпкерлер палатасы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасымен кәсіпкерлік нысандарын қорғау жөнінде меморандум жасастық. Бірлесіп мобильдік топ құрдық. Олар бүгінде кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Семинар барысында қадағалаушы орган өкілдері бірқатар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

 

 

Берик Касен