МТРА жаңалықтары

Елбасы жариялаған өміршең тапсырмалар

Василий Стихин- «Архстрой» ЖШС құрылтайшысы, бас сәулетшісі:

-Тапсырыс берушілер қаланың орталығындағы ең бір үлкен ғимаратты алып, оны қалыпқа келтірген. Ескі нысаннан міне мынадай әдемі сауда орталығы шықты. Бұл ғимарат соңғы үлгідегі, заманауи талаптарға сай жоба және материалдардан жасалып, тұрғызылды. Оның басшысы нысанның қандай болатындығына, сыртқы бетіне және интерьеріне, аббаттандырылуына ерекше көңіл бөледі. Алып сауда орталығының ішінде тауарға арналған бутиктерден бөлек, 3 бірдей шағын мейрамхана пайда болып, балалардың ойнауына да жағдай жасалмақ.

«Архстрой» ЖШС 20 жыл ішінде қаладағы бірқатар нысандардың сәулетін жасаудан бөлек, мәдени ошақтардың макетін және аудан орталықтарының бас жоспарын түзету жұмыстарымен де айналқан. Тәжірбиесі мол сәулетші, серіктестік құрылтайшысы-Василий Стихин соңғы кездері бұл салада еңбектенетіндер азайып кетті дейді. Яғни, бізде сапалы сәулетшілер жеткіліксіз. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыру қажет. Өйткені қалада сапалы, әрі әдемі ғимараттардың пайда болуы нақ осы азаматтардың жұмысына тәуелді. Құрылыстың дамуына мемлекет басшысы да айрықша көңіл бөледі. Сондықтан болар, үздік елдердің 30-ғына апаратын 100 нақты қадамның бірін Елбасы Н.Назарбаев осы салаға арнапты.

Василий Стихин- «Архстрой» ЖШС құрылтайшысы, бас сәулетшісі:

-Тұрғызылған нысандар әдемі, мықты әрі қоғамға пайда әкелуі керек деген грек ұғымы бар. Біз бүгіндері сол талаптарға жауап беретіндей жобалаумен айналысамыз. Елбасы жариялаған құжатта бұрынғы, ескірген нормалар мен ережелер заман талабына сай өзгертіледі делінген. Ол құрылыс сапасын айтарлықтай өзгертеді. Жаңа сепріліс береді. Сондықтан бізге мықты-мықты мамандар қажет. Сонда ғана біз президентіміз айтқан тапсырмаларды жүзеге асыруға дайын боламыз.

Бүгіндері кәсіпорында жобалау жұқмыстарымен 30-ға жуық адам айналысады.

 

 

Магжан Ахмадина