Құқық қорғау органдары

Полицейлер мен құтқарушылар – көлік қозғалысын бақылауға алды

Ербол, Мұханбеталин, Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері:

-Облысымызда жыл басынан бері көлікте өрт шығудың 14 оқиғасы тіркелген. Оның материалдық шығындары 9 млн. теңгені құрады. Мұндай апаттар – темір тұлпарды техникалық жағынан дұрыс қадағаламау салдарынан туындап жатады. Сондай-ақ, 15-20 жылдан артық тебілген ескі көліктерде өрт шығуы мүмкін. Бүгін 4 дөңгелекті қатынас құралдарындағы аталған келеңсіздіктерді тексеру мақсатында 20-дан артық машинаны тоқтаттық.

Бұнымен қатар, тәртіп сақшылары тас жолдың бойында «Автобус» жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Олар қоғамдық көліктердің де техникалық талаптарға сай болуын жіті қадағалауда. Шілденің 28-нен бастау алған бұл операция 3 күнге созылады.

Сайлаубек Мусин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

-Солтүстік Қазақстанда жыл басталғалы жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен ірі көлемдегі 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам жарақаттанған. Мұндай шараларды болдырмау мақсатында «Автобус» жедел алдын-алу шарасын іске қосып отырмыз. Операция барысында – жолаушы тасымалдайтын көліктерді және оның жүргізушісін толық тексерістен өткізудеміз.

Жолдағы келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында тәртіп сақшылары мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері әр ай сайын рейдке шығып, көлік қозғалысын бақылайды.

 

 

Акбопе Танирберген