Бизнес және экономика

Өз ісін енді бастаған кәсіпкерлерге айқын қолдау

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

-Жыл сайын бұл мақсатқа ел бюджетінен трансферт бөлініп тұрады. Осы жылы облысқа 11 миллион теңгеден астам қаражат берілді. Байқауда ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен 29 жасқа толмаған жастар, іскер әйелдер мен мүгедектер бағын сынай алады.

Алдымен, орталыққа жиналған барлық кәсіпкерлерге мемлекеттік грантқа қандай саладағы бизнес-жобалар іріктелініп алынатыны түсіндіріліп, конкурстық комиссия мүшелері таныстырылды. Кейін, жас бизнес иелері өз жобаларын кезекпен таныстырды. Байқау комиссиясы бірінші Мамлют ауданындағы “Трошихина” ЖК жобасын қарастырды. Аталған нысан “бағалы балық түрлері мен 10 тоннаға дейін тауарлық шұбар балық” өндіретін цехты іске қосуға мүдделі. Жоба құны 20 миллион теңге.

Александр Ухов – ихтиолог-балықшы, Мамлют ауданы:

-Аталған жобаны жүзеге асыру жолында 2 жыл аянбай еңбек етіп келемін. Балық өндіретін цехты іске қосуды таңдаған себебім – әлі күнге облыста балық өңдейтін зауыттар саны аз. Негізінен облысқа балықтар көршілес Ресей облыстарына тасымалданады.

Бірі бизнес-жобаларын комиссия мүшелеріне таныстырып жатса, келесі біреулері болашақ кәсібінің жоспарын баяндауға дайындалуда. Қала тұрғыны Камила Аббасова, бүгінгі байқауда “қолдан авторлық әшекейлер жасау” идеясын таныстырмақшы.

Камила Аббасова – “Аббасова” ЖК директоры, Петропавл қаласы:

-Мен бала күнімнен қолөнер бұйымдарын жасауға ынтық болдым. Қазірде дизайн мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Грантты ұтсам – ол ақшаға қыз-келіншектерге арналған әшекейлерге керекті материалдар мен асыл тастар сатып алар едім.

Тегін мемлекеттік грант иесі атану үшін облыстың 9 ауданы мен Петропавл қаласынан келген үміткерлердің бизнес-жобалары экономиканың әр саласын қамтиды. Бірақ, барлығы бірдей грант ұта алмасы белгілі. Тек қазіргі кезде ең қажет деген жобалар ғана болашаққа нық қадам баспақ.

 

 

Бакыт Садуакасов