Энергетика

Инвестициялық бағдарлама аясында Петропавлдағы 18 қосалқы электр бекетінің 85 %-ы сандық жүйеге ауыстырылды

Александр Рейзлин, “Севказэнерго” “СҚ ЭТК” АҚ бас директоры:

-Былтыр Петропавлда 24 шақырымға қорғаныс қабаты бар жаңа кабельді тарттық. Облыс орталығында 2 куатты трансформатор жөнделді. Және қуаттлығы 10 және 16 мегавольт/амперлік үлкен трансформаторлар сатып алынды.

Бүгінде инвестициялық бағдарламаның орындалу барысын, қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалып жатқанын ҚР-сы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің өкілдері мен халық қалаулылары қадағалайды. Олардың барлығы осы залдан табылды.

Александр Рейзлин, “Севказэнерго” “СҚ ЭТК” АҚ бас директоры:

-2015 жылы облыс орталығы мен Бескөл қаласында электр желілерін тарту және қондырғыларды жаңарту жұмыстары жалғасады. Биыл компания ол мақсатқа жалпы құны 1 млрд. 100 млн. тг. бағыттамақшы. Инвестициялық бағдарлама аясында Петропавлдағы 15 километрде кабелдік желілерді жаңасына ауысытыру жоспарлануда. Бескөл ауылында да қорғаныс қабаты бар сондай кабельдер 25 шақырымға тартылмақ. Сондай-ақ, Қызылжар ауданының орталығында 35-10 килаволттық сандық жүйесі бар электр бекетін орнатамыз.

Брифингтен соң мемлекеттік орган өкілдері мен журналистерге баспасөз туры ұйымдастырылды. Онда жиналғандарға былтыр күрделі жөндеуден өткен қосалқы электр бекеттерінің жұмысы көрсетілді. Мысалы, мына нысан “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС-нің 1-ші, 2-ші сорғы станциясын және бірнеше кәсіпорындарды үздіксіз тоқ көзімен қамтамасыз етіп келеді.

Виталий Фесько, “Севказэнерго” “СҚ ЭТК” АҚ бас инженері:

-Бұл нысан толығымен сандық жүйеге ауыстырылған. Қондырғыға 25 жыл кепілдік берілген. Техникалық жағынан алып қарағанда ол 35-40 жылға шыдас береді. Кейде аппаратта сымдардың қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Оны біз интерфеис, модулдік процессор арқылы тез анықтай аламыз. Сондай-ақ, бекетке вакумдық өшіргіштер орнатылған. Оны диспечерлер қашықтықтан басқара алады.

Жалпы облыс орталығында осындай 18 қосалқы электр бекеті болса, соның 11-інде жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Осының арқасында апаттық жағдайлар 10 пайызға ал, электр шығыны 10,17 пайызға кеміді. Мамандардың айтуынша, тозған қондырғылардың үлесі де айтарлықтай азайған.

 

Берик Касен