МТРА жаңалықтары

Бескөлдегі “Молсервис” ЖШС ұлт жоспары бойынша жұмыс істеуде

Сергей Чепурко – “Молсервис” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:

-Елбасы ұсынған “100 нақты қадам” бағдарламасында сүт өнімдерін үш жыл мерзімде ТМД елдеріне шығару міндеттелген. Бізге – сүт өндірушілерге, экспорттың жартысына дейінгі көлемін қамтамасыз ету. тапсырылған. Сонымен қатар, БСҰ жол ашылды. Біз осы бағытта жұмыс істеудеміз. Әрине ол үшін бірқатар шаруа қолға алынуы тиіс. Сондықтан, бүгінде шетелден заманауи құралдарды алып, өнім дайындаудамыз.

Сүт зауыты тауарларын облысымыздан бөлек, еліміздің басқа да өңірлерінде де саудалайды. Айталық, серіктестік қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарын жергілікті өніммен қамтып отыр. Алайда, тауарды сырт елдерге шығару әзірге қиындық тудырады.

Сергей Чепурко – “Молсервис” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:

-Біздегі сүт өнімдерін дайындау көлемі басқа елдермен салыстырғанда артта қалып келеді. Мысалы, Беларусьті алатын болсақ онда жылына 6,5 млн.тоннаға дейін сүт дайындалады. Соның 95% саудаға шығады. Ал, бізде 5 млн.тонна сүттің, тек 40% ғана өнделеді. Осы тұрғыда бізге алға басушылық керек.

“Молсервис” кәсіпорында өнімді жоғарғы дәрежеде дайындау үшін барлық мүмкіншілік бар. Соңғы үш жыл ішінде зауыт модернизациялық жаңарту жүргізген. Оған 200 миллион теңге жұмсалса, соның 100 миллионы “БЖК – 2020” бағдарламасы аясында алынды.

Елена Хуторная – “Молсервис” ЖШС зерхана меңгерушісі:

-Біз өнімді толық дайындалғанша сараптамалық тексеріс жүргіземіз. Ол үшін өзімізде барлық құрылғы бар. Мамандарымыз да жоғары білімді. Сапалы тауар дайындау үшін сүт жеткізушіге де барлығы байланысты. Сол мақсатта айына екі рет барлық сүт тапсырушыларға тексеріс жүргіземіз.

Жалпы, зауыт жыл басынан 426 млн. теңгенің тауары – 2.5 мың тоннадан астам сүт өнімдерін саудаға шығарған. Алдағы уақытта 850-900 миллион теңгенің өнімдерін өткізу ойда бар.


 

Култанов Байболат