Мәдениет

Тілге құрмет, елге құрмет!

Дегенмен, осы нысандарда қазақша атаулар мүлдем жоқ, не болмаса қазақша жазуларда грамматикалық қателердің барын аңғаруға болады. Осындай олқылықтарды жою үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасы жоспарлы тексеру шараларын жүргізіп тұрады. Сала мамандары көп жағдайда алғашқы ескертуден кейін қазақша атаудағы қателер дұрысталып жататындығын айтады.

Әсем Бимаханова – СҚО бойынша тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы:

-Жұмыс жоспарына сәйкес басқарма мамандары Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміммен бірлесіп, облыс орталығының көшелерінде орналастырылған көрнекі ақпаратты Заңға сәйкестендіру және мемлекеттік тілдегі грамматикалық, стилистикалық қателерді жою мақсатында рейдтер өткізіп тұрады. Нәтижесінде, “Альфия”, “Аквамарин” және басқа да нысандар бізбен анықталған қателерді түзетті. Басқарма мемлекеттік мекеме, жарнама агенттіктері және жеке меншік секторлардың мемлекеттік тілдегі жарнамаларын, көрнекі ақпаратындағы мәтіндерін бекітіп беруде тегін көмек көрсетеді.

Бірақ, бір ескету түгілі, бірнеше ұсынымдарды елемейтін кәсіпкерлер де табылып жатады. Өкініштісі, мұндай бизнес иелеріне айыппұл салатын заң әлі күнге жоқтың қасы. Сол себептен сала қызметкерлері тек ескерту жасаумен ғана шектелуге мәжбүр. Осы орайда біз петропавлдықтардан көше бойындағы жарнамалардағы қателіктер жайында сұрап білген едік. Енді соған назар аударсақ.

“Көпке топырақ шашудан аулақпыз”, жалпы қазақша жарнамалардағы қателіктер бірен-саран ұшырасып жатады.

 

 

Бакыт Садуакасов