Әр түрлі

Петропавлда “Тілек жәшігі” пайда болды

Өйткені, дәл осы екі маңда қалалықтар бос уақыттарын жиі өткізетін көрінеді. Әсіресе, шаһарымыздағы мәдениет және демалыс саябағы тұрғындар көптеп шоғырланатын орын. Бұл жерге қалалықтар кешқұрым музыкалық фонтанды тамашалау үшін жиылады екен. Алайда, петропавлдықтар концерт барасында суға тиын тастауға ынта білдіре қоймайтын көрінеді. Біздің арна тілшілері ерекше қондырғылардың кімге тиесілі екендігін білу мақсатында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан болатын.

Андрей Кудряков – Петропавл қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі ММ инспекторы:

-Бүгінгі таңда аталған “тілек жәшіктердің” иесін анықтап көрген едік. Бірақ, сары түсті ағаш қуыршақтарын кімнің орнатқандығын таппадық. Сол себептен сары жәшіктерді жақын күндері алып тастау туралы шешім шығарылды.

 

 

Бакыт Садуакасов