Спорт

Петропавлда 15 жуық бала ВМХ спортымен айналысады

Илья Андреев – райдер:

-Мен ВМХ деп аталып кеткен спорт түріне өте қатты қызығамын. Басында қорқатынмын, қазір түрлі қимылдар жасап үйрендім. Осы жерде достарымызбен жиналып күнде жаттығамыз. Жуырда ақша жинап велосипед алдым.

ВМХ немесе веломотокросстың тарихы өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары АҚШ та бастау алған. Аталмыш спорт 2008 жылдан бері олимпиадалық спорт түрлерінің қатарында. Алайда, біздің елде бұл экстремалды спорт кенжелеп қалған. Оның бір себебі жаттығу алаңдары мен тиісті велосипеттердің жоқтығы.

Владимир Парахин – велосипед спортынан ОРМБМЖСМ директоры:

-ВМХ немесе веломотокросстың біздің қалада таныла бастағанына 2 жылдан асты. Оған ден қойған жастардың да саны басым. Бірақ та олардың тыңғылықты дайындығы үшін жаттығу алаңдары жоқ. Басқа елдерде ВМХ тан түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Кәсіби түрде бұл спортқа ден қою үшін мүмкіндік жасалғаны дұрыс. Сонда ғана ел байрағын түрлі додаларда желбірететін спортшыларды дайындай аламыз.

Экстремалды спорттағы бір ерекшелік, велосипедтердің көлемінде. Доңғалақтары кішкентай, салмағы 10 келіден асады. Бір қызығы тежегіштер мүлде жоқ. Жалпы қаламызда 15 бала аталмыш спорт түрімен айналысады екен. Көңіл қуантарлығы олардың саны күн сайын артып келеді.

 

 

Култанов Байболат