Білім

Өңір педагогтары үздік деп танылды

Мархаба Қуантаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының орынбасары:

-Өрлеу БАҰО СҚО-лық филиалы құрылғалы бері бұл біздің алғаш рет бірінші орын алып отырған жетістігіміз. 01:04 Айта кететін жайт, 2014 жылдың қорытындысы бойынша филиалдардың арасында 2-ші орын алған болатынбыз. Әрине бұл еңбекпен келген нәтиже.

Мұнда біліктілікті арттыру бағытында 27 педагог жұмыс жасайды. Олар жыл басынан бері 3 айлық курстан 249 мұғалімді өткізген. Осылайша қазірдің өзінде жылдық жоспардың 83%-н орындап отыр. Ал, қысқа мерзімде 1125 жергілікті оқытушының біліктілігін арттырған. Бұл ағымдағы жылда оқытылуы керек мұғалімдердің 63%-н құрайды. Бұдан бөлек, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы мамандар әр түрлі шетелдік және отандық басылымдарға өздерінің ғылыми еңбектерін жариялап тұрады.

Мархаба Қуантаева,«Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының орынбасары:

-Жоғары нәтижеге жетуіміздің бір көрсеткіші – ғылыми зерттеушілік бағыт. Дәлірек айтсам, біздің профессорлық оқытушылық құрамның 175 мақаласы осы жарты жылдықта жарық көріп отыр. Олардың бірнешеуі мына сөреге жайғастырылған.

Жергілікті педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты алдағы оқу жылында арнайы курстар өткізуді тамыздың 24-нен бастауды жоспарлап отыр.

 

 

Акбопе Танирберген