Аптадағы маңызды жаңалықтар

БСҰ-ға өтудің солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер үшін артықшылығы көп

Тимур Қожахметов- «Атай-СК» ЖШС құрылтайшысы:

-Соның арқасында қосымша 20 жұмыс орны ашылды. Бірақ біз келешекте тағы бірқатар жаңарту жұмыстарын жүргізіп, еңбеккерлер санын одан әрі арттыра түспекпіз. Өндіріс көлемін ұлғайту да жоспарда бар. Жаңа сапа стандартын да енгізуді көздеп отырмыз.

Кәсіпорынның бүгінгі күні алға қойған мақсаты айқын. Оның үстіне еліміздің БСҰ енуі аясында қазіргі таңда кәсіпкерлер алдында көптеген мүмкіндіктер ашылып отыр.

Тимур Қожахметов- «Атай-СК» ЖШС құрылтайшысы:

-Ұйымға кіру кез келген ел тарихында маңызды оқиға болып қалмақ. Бұл кәсіпорын жұмысына жаңаша көзқарас, тыныс береді. Жалпы келешекке деген үлкен сенімнің кепілі. Сондықтан біз тиісті шаралар қолданып жатырмыз. Материалдық-техникалық базаны жетілдіріп, сапаға айрықша басымдық беріп отырмыз. Енді біз ұйымға мүше елдерге қарап бой түзеу керекпіз. Яғни, әлемдік озық тәжірбиені өзімізде қолдану шарт.

Ұйымға өтудің арқасында кәсіпорын әлемдік нарықтағы алпауыт компаниялармен бәсекелесуге тура келеді. Оған мұндағылар тас-түйін дайын.

 

 

Магжан Ахмадина