Қайырымдылық

Әлеуметтік көмек көрсету жаңа бағытта дамымақ

Мұратбек Тәліпов- Петропавл қаласы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Кірісі төмен, бірақ еңбек етуге жарамдылар тек, еңбек етсе, мемлекеттік бағдарламаларға қатысса ғана көрсетіледі. Ол үшін облыста «Өрлеу» бағдарламасы жұмыс істейтін болады. Бұл бағдарлама кірісі төмен азаматтарға әлеуметтік көмек беруді көздейді. Тек олардың өзі еңбек етіп, не қандай да бір әлеуметтік бағдарламаға белсенді қатысу керек. «маған мемлекет қашан жәрдемақы береді?»-деп қол қусырып отыратын күн бұдан былай болмайды. Оны президенттің өзі айтқан болатын. Жағдайын дұрыстаймын дегендерге мемлекет көмектеседі.

Оған өңірімізде 1-ші қаңтардан бастап жүзеге асырылатын «Өрлеу» бағдарламасы да септеспек. Ол адамдарға тек ақшалай көмек көрсетумен ғана шектелмейді. Жоба аясында қолдауға мұқтаж адамдар жұмыспен қамтылып, қажет болса қайта даярлаудан өтеді. Жастарға да тәжірбиеден өту мәселелері қарастырылыпты. Айта кету керек, жалпы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 17 мемлекеттік қызметті көрсетеді. Мұндағылар жыл басынан бері 9 мыңнан астам адамға қолдау білдірген.

Мұратбек Тәліпов- Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Былтырғы жылы әлеуметтік көмекті алатындар 757 болса, биыл 560. Жылына екі рет қолдау көретіндердің де саны 16 пайызға қысқарып отыр.

Жыл басынан бері көмеккке мұқтаж 97 мүгедекке қол арба берілсе, тағы тефло техникалық құралдармен- 131 адам және сурдо құрылғылармен- 247 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылыпты. Бұдан бөлек 157 бірлік протезді-ортопедиялық құрылғылар табысталған.

 

 

Магжан Ахмадина