Спорт

Жерлес спортшымыз Азат Елюбаев бокстан ҚР-ның спорт шебері атанды

Азат Елюбаев – бокстан ҚР спорт шебері:

-Мен өзім бұл жарысқа 3 ай бойы тыңғылықты дайындалдым. Негізі турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Қарсыластарым да өте мықты болған еді. Осындай жетістікке жеткеніме өте қуаныштымын. Менің бапкерлерім Азамат Жақияновпен Антон Лапатинге алғысымды білдіремін.

Бокстан жасөспірімдер арасында өткен турнирге сайдың тасындай іріктелген 126 спортшы алыс жақын шет елдерден жиылды. Олардың арасында 5 былғары қолғап шебері теріскей намысын қорғады.

Азамат Жақиянов – бокстан облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:

-Қостанай қаласына барып келіп, жақсы өнер көрсеттік. Бұл турнирде жерлесіміз Азат Елюбаев 1-ші орынға жайғасты. Біз спортшымыздың жемісті жеңістігіне сендік. Жалпы, күткен үмітіміз ақталды.

Қазіргі таңда, жерлес спортшыларымыз қызу дайындықтарын бастап кетті. Себебі, олар тамыз айының 20-шы жұлдызында Атырау қаласыда өткізілетін додаға қатыспақ.

 

 

Сагыныш Маркашева