Әр түрлі

“Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалы “Сбербанктен көлік ұт” акциясы қорытындылады

Тек, сәуірдің 10-ы мен шілденің 10-ны аралығында аталмыш банктен депозит ашып, 100 мың теңге салым салу керек. Одан соң, клиентке арнайы карточка беріліп, ол оған 200 теңге көлемінде трансакция жүргізуі тиіс. Залдағылардың барлығы – осы операцияны жүзеге асырғандар.

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

-Акцияға ел бойынша 12 мың салымшы қатысты, оның 1100-і солтүстікқазақстандықтар. Сондай ақ ұтысқа Қазақстан бойынша 17 автокөлік қойылған. Оның біреуі Петропавл қаласында ойнатылуда.

Әне-міне дегенше ұтыс басталып та кетті. Автокөлікті иемдену мүмкіндігі тек 15 адамға ғана берілмек. Ал ол жандарды мұндағы тізімнің арасынан – сандарды кездейсоқ таңдайтын генератор анықтайды. Айта кету керек, тізімде олардың аты-жөні емес арнайы нөмірлері жазылған.

Бастапқы 11 қатысушы арнайы 5 мың теңгелік карточкаға йе болды. Ал қалған 3-еуі “Технодом” сауда үйінің 5, 35, 100 мың теңгелік сертификатына қол жеткізді.

Өкінішке қарай, бүгін бағы жанған, басты сыйлықтың иеленген азамат арнайы кешке келмеген болып шықты. Ұтыста жеңімпаз атанғаны туралы қуанышты жаңалықты банк қызметкерлері оған телефон арқылы хабарлады.

Есесіне, Виктор Габательді аптаның бірінші күнінде “Сбербанк” Петропавл қалалық филиалының директоры арнайы шақыртып, салтанатты түрде автокөлік кілтін табыстады.

Салымшы қуанышымен бөлісіп, аталмыш банк филиалының көрсеткен қызметіне көңілі толатынын айтты.

Виктор Габатель – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының салымшысы, “Сбербанктен көлік ұт” республикалық акциясының жеңімпазы:

 

-Өте қуаныштымын. Акцияның қатысушысы екенім есімнен шығып кетіпті. Біріншіде сенген жоқпын. Мұндағы қызметкерлер хабарласқанда Ресейде ескі көлігімді жөндетіп жатқан едім. Бәрі аяқ астынан болды. Өмірімдегі ұтқан ең үлкен ұтысым – 10 рубль болатын. Ол кезде 4-сынып оқитын баламын. Анам маған ол қаржыға портфель алып берген болатын.

Қаржы институты ұсынған акциялар мұнымен аяқталмайды. Тамыздың үші мен желтоқсанның бесі аралығында банктің Петропавл қалалық филиалы жаңа “Жаркая зима” акциясын өткізбек. Аталған шараның жеңімпаздарына арналған басты сыйлық – экзотикалық елдерге жолдама.

Акбопе Танирберген