Ауыл шаруашылығы

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапатын көрген жас маман

Илнұр Ахметшин – «Жолдасбай-Агро» ФШ мал дәрігері, Уәлихан ауданы:

-Мұнда мен үшін барлық жағдайлар жасалған. Жұмыстан уақытша баспана берілді. 3 рет тегін тамақтанамын. Жалақым да жақсы, көңілімнен шығады. Жұмысым өзіме ұнайды. Қазір көтерме ақы алу үшін құжаттарымды рәсімдеп жатырмын. Келешекте осында қалып, отбасылы болғым келеді. Тағы ата- анамды да көшіру ойда бар. Өйткені мұнда жұмыс істеймін деген адамға жақсы жағдай қарастырылған.

Жас маманның жұмысы таң сәріден малдарды қараудан басталады. Мал дәрігері теріскейге еңбек жолын бастауға келгеніне еш өкінбейді. Өйткені, мұнда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Өзі жұмыс істеп жүрген «Жолдасбай-Агро» фермерлік шаруашылығы – өңірдегі бетке ұстар кәсіпорындардың бірі.
Мұндағылар 12 мың га жерге ырыс дәнін сіңіреді. Тағы егін егумен қатар, ата кәсіп-мал шаруашылығын дамытуды да қолға алған. 2013 жылы Америкадан 400 бас ангус тұқымдас ірі қара әкеліпті.

Серік Жолдасбаев – «Жолдасбай-Агро» ФШ басшысының орынбасары, Уәлиханов ауданы:

-370 бас аналық бар. 14 бұқамыз бар. 320 биылғы төліміз бар. Өткен жылдан 100 бас бар. Былтырғы жылы алған тайшалардың 55 саттық. Бұқаларын «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жаңадан ашылып жатқан қожалықтарға сатып жатырмыз. Шөптің 30 пайызын әкеліп қойдық. Тағы 40 пайызы шабыдылып далада жатыр 10 күн ішінде барлығын әкеліп қоямыз.

Кәсіпорында бүгіндері 70-ке жуық адам екі қолға бір күрекпен қамтылған. Олардың орташа жалақылары 80 мың теңгенің маңайында. Бүгіндері кәсіпорынға зоотехник, жүргізуші және агроном мамандары қажет.

 

Магжан Ахмадина