МТРА жаңалықтары

Жұмыссыздықты қысқарту

Дәулет Арғандықов – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің “Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы” АҚ Президенті:

-“100 нақты қадам” Ұлт жоспары жарияланғалы бері еліміздің әр аумағында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Басты мақсат – мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу. Бұл тұрғыда қомақты істер атқарылды. Қазір елімізде “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бойынша шағын несие алғандардың саны 30 мыңнан асып отыр. Алдағы уақытта 450 мыңға жуық адам “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылмақ.

2011 жылдан бері елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 300 мыңнан асқан. Бұл дегеніміз жалпы екі қолға бір күрек тапқандардың 24% құрайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау аясында өңірде атқарылған іс ауқымды. Мәселен, мұндай алғабасушылықты Қызылжар ауданынан байқауға болады. Биыл аталмыш ауданда “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша 170 адам екі қолға бір күрек тапқан. Ал, 19 азаматқа өзінің жеке кәсібін дөңгелетуге 46 млн теңге шағын несие беріліпті.

Раушан Тікібаева – Қызылжар ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Осы жылы әлеуметтік қолдау аясында ауданымызда бірқатар кәсіпкерлер өз ісін ашты. Олардың көбісі мал шаруашылығы, ағаш өндеу және құс асырау байланысты. 8 адам мемлекеттік бағдарлама арқылы білім алып, қазір олардың барлығы жұмысқа орналасқан.

Жиын қорытындысында залға жиналғандар Дәулет Арғандықовқа толғандырған сұрақтарын қойды.

 

 

Култанов Байболат