Денсаулық сақтау

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

Ақәділ Қаныбек – №3 қалалық емхананың клиникалық диагностика бөлімінің меңгерушісі:

-Қазіргі жастар көбінесе Батысқа еліктеп, құндылықтарды жоғалтып алуда. Жастар болашағымыз болғандықтан оларға дұрыс тәрбие беруіміз қажет.

Дәрігерлер жиналғандардың қан қысымын тексеріп, дұрыс тамақтану тәртібін түсіндірді. Тұрғындар осы сынды акциялардың өткізілуі тиімді, – дейді.

-Мұндай шара өте дұрыс. Жиі өткізіліп тұрсын.

-Мен қан қысымымды өлшеттім. Ауа райы құбылмалы болғасын жиі сырқаттанып қаламын. Жаңа дәрігер тексерді, барлығы орнында екен. Ауруханаға бармай-ақ осы жерде тексерілу ыңғайлы.

Шара соңында “Жастар бастамалары орталығының” еріктілері халық арасында сауалнама жүргізді. Онда тұрғындар өмірлік ұстанымдары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Белсенді жастар өз кезегінде салауатты өмір салтын насихаттап, кітапшалар таратты.

 

 

Култанов Байболат