Денсаулық сақтау

Үздік кардиологтар өңірімізде бас қосты

Кейін жиын залда жалғасты. Ресей, Австрия және еліміздің түпкір-түпкірінен келген білікті ақ халаттылар тәжірибелерімен бөлісіп, жеткен жетістіктері жайлы баяндады. Айталық, мәскеулік дәрігерлер қазақстандық мамандарға өздеріндегі тың әдістерді жеткізді.

Мушег Мурадян – «ДжиИ Хэлскеа» ЖШҚ клиникалық оқыту бойынша аға маманы:

-Бүгіндері біз ангиографияда заманауи навигациялық технологияларды қолданамыз. Ол науқасқа түсетін сәулелік қысымды азайтып қана қоймай, бүкіл ота жасаушы бригада, дәрігерлер үшін жұмысты жеңілдетеді. Ол өте дәл әрі жақсы көрсеткіштер береді. Бұл ангиографиялық құрылғыларды қолданатын күллі әлемдік мамандардың тәжірибесі болып саналады. Сондықтан, ол әдіске барлығын үйретуіміз қажет.

Халқы дені сау ел ғана өзгелермен бәсекелесе алады. Сондықтан, адам жанының арашасы болған бүгінгі жиынға қатысушылардың басты міндеті – денсаулығы сыр берген тұрғындарға сапалы көмек көрсету. Айта кеткен жөн, елімізде кардиология саласының дамуы соңғы он жылда қарқын алған. Десе де, бүгінгі қазақстандық дәрігерлердің жеткен жетістіктерін айтпай кету мүмкін емес.

Нихад Авдагич- Қазақстандағы «Abbott Vasculav» компаниясының өкілі, Австрия:

-Мен алғаш рет Қазақстанға 10 жыл бұрын келгенмін. Сол уақытта Астанада интервенционалдық хирургия ісін бастаған болатынбыз. Осы аралықта елдегі кардиохирургтардың жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық деңгейде. Оларға жасалған жағдай мен жалпы медицинаға мемлекеттен бөлінетін қолдауға қызыға қарауға болады.

Виктор Землянский – Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының рентген-хирургі, Астана қаласы:

-Мемлекет тарапынан құрылғыларды алу үшін мол қаржы бөлінеді. Біздің дәрігерлер шетелдерге шығып тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыртып тұрады. Бұл да медицина саласының дамуы үшін зор мүмкіндік.

Кардиология – бір орында тоқтамай жаңаруды талап ететін сала. Осыны жақсы ұғынған өңірдің ақ халатты абзал жандары соңғы жылдары бірталай оң нәтижеге қол жеткізген. Өңірдегі кардиологиялық орталық ашылған кезде дәрігерлер жылына 20 ота жасаса, бүгіндері бұл көрсеткіш 500-ге жетіпті. Мұндағылар тағы бір жылда ашық жүрекке 200-ден астам операция жасайды.

Мақсат Құдратуллаев – Облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

-Біз тек жүрекке ота жасамай, қатерлі ісік аурулары кезінде химия-эмболизация жасаймыз. Тағы да айта кету керек, егер бұріндары адамның жүрегіне металлдан стенттер салсақ, қазір өзінен-өзі тарап кететін стеннетр қойып жатырмыз Тағы жүрек ритмі бұзылған кезде электростимуляторлар қоюдамыз.

Көшпелі кеңес соңында оған қатысушылар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудегі заманауи технологияларды талқылап, алдағы уақытта өзара іс-тәжірибе алмасып тұруға уағдаласты.

 

 

Магжан Ахмадина