Бизнес және экономика

СҚО-да Қарғалы аралындағы “Гринвуд” қонақүйі жаңа кейіпке енуде

Сергей Шенкнехт, “Казиканов” ЖШС құрылтайшысы:

-Биылдан бастап біз ескірген үйлердің қасбеті мен ішін еуропалық стильде жаңартудамыз. Бұл шаруаны 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы аумақта мейрамхана, ойын-сауық орталықтары орналасады. Мұнда адамдар бірнеше күн тыныға алады. Бұл жерде демалудың құны Бурабайдағыдан 2 есе арзанға түспек. Бөлмені 2 тәулікке жалға алсаңыз – 14 мың тг.

Кешен қысы-жазы келушілерге қызмет көрсетеді. Демалушылар мұнда жаздың басынан қыркүйек айының соңына дейін хауызда шомылып, күнге қыздырынса, қыста салт атпен серуендеп, шаңғы тебе алады.

Сергей Шенкнехт, “Казиканов” ЖШС құрылтайшысы:

-Қысқы мезгілде демалушылар салт атпен серуендей алады. Оларға квадрацикл, қар үстінде жүретін атшана жалға беріледі. Сондай-ақ, коньки, шаңғы тебетін орындар бар. Кішкентай балалар үшін аттракциондар қарастырылған. Бағасы қолжетімді болады.

Қарғалы аралындағы “Гринвуд” қонақүйі 2016 жылы толығымен қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Айдын Керімбек, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

-Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі туризмді дамытуға арналған шеберлік жоспары қабылданған болатын. 98 тараудан тұратын құжаттың бір тармағы туристік базаларды құру жайлы. Мына Қарғалы аралындағы турбазаны келесі жылы тапсырамыз. Бұдан басқа Петропавл қаласында 4 қонақ үй салынуда. Оның 1-еу биыл ашылады.

Өңіріміздегі туристік базалардағы нысандардың 90 пайызға жуығы жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тұрғызылады.

Берик Касен