Бизнес және экономика

Кәсіпті алға ілгерілетудің амалы

Бірақ, қашанда сапалы өнімге сұраныс та көп болатыны мәлім. Осы ретте тауар өндірушілер өз өнімдерінің каталогын Метрология және техникалық реттеу Комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша Департаментінің сайтына енгізуге мүмкіндіктері бар. Нәтижесінде, бизнес нысанының нарыққа тереңдей енуіне жол ашылмақ. Аталған сайтқан теріскей аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындардың ішінде, әзірге, 269-ы тіркеліп үлгерген.

Гүлім Исанова – “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК СҚО филиалының жетекші маманы:

-Осындай семинарларды өткізу – өңірдің өндіруші кәсіпорындарын өздерінің өнімдері мен өндірушілері туралы ақпаратты беріп, өнімнің каталог парақтарын толтыруға ынталандырады. Олардың болуы шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және маркетингтік зерттеулер жүргізіп, өткізу нарығын анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні департамент сайтына 2 597 өндіруші кәсіпорындар тіркелген.

Бүгін семинарға жергілікті жердегі 30-дан аса зауыт мен кәсіпорын өкілдері қатысуда. Мәселен, облыс орталығындағы “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ өз өнімдерін 2013 жылы каталогқа енгізіпті. Нәтижесінде, зауыт шығаратын қондырғыларға сұраныс біршама артқан көрінеді.

Марат Ахметов – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ стандарттау жөніндегі инженері:

-Бүгінгі семинардың біз үшін пайдасы зор деп есептеймін. Біз өзіміздің өнімдерімізді осы каталогтау парағына енгіздік. Соның арқасында өнімдеріміз республикалық реестрда бар. Жалпы айтқанда 36 өнім түрін шығарамыз. Оның ішінде дәл қазіргі уақытта аса сұранысқа ие мұнай бұрғылау машинасы және жылыту алмастырушысын саудалаудамыз. Айтарым, пайдасы зор.

Жиын соңында өңірлік оқыту семинар тыңдаушыларына аталмыш оқу бағдарламасын сәтті меңгергендігі жөнінде арнайы сертификаттар табыс етіледі.


 

Бакыт Садуакасов