Спорт

Акробат балалар жүлдемен оралды

Бұған мысал, жақында ғана акробат балалардың қатысып, қанжығалары майланған қос чемпионат. Оның бірі маусымның 24-28 аралығында Павлодарда спорттық акробатикадан өткен «Ертіс таңы» халықаралық сыны болса, екіншісі – шілденің 4-7 аралығында Ставрополь қаласында акробатикалық жолақта секіруден өткен Бүкілресейлік ашық турнирі. Байрақты бәсекенің екеуінде де спортшылар бапкердің артқан үмітін ақтаған.

Ринат Белогонов, Спорттық акробатикаға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

-Павлодардағы турнирге Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 300-ден артық спортшы қатысты. Біздің балалар жақсы дайындықпен барды. Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаева жұптасып өнер көрсетіп жеңімпаз атанды. Акробатикалық жолақта секіруден Виталий Делль, Александр Шашков және Елизавета Мец 1-ші орындардан көрінді. Ресейдегі байрақты додадан да соңғы үш оқушым алғашқы үш орынды алып келді.

Жасыл жолақта алға екі рет сальто жасап, 6 рет секіруді орындап жатқан – Елизавета Мец. Ол Бүкілресейлік ашық турнирда дәл осы жаттығуды сәтті орындап күміс жүлдені иеленіпті. Александр Шашков болса үшінші орынды місе тұтқан. Ал, 12 жастағы Виталий Делль көрші елде өзінінің 7 жыл бойғы дайындығының нәтижесін көрсетіп қайтты. Алтыннан алқа тағынған Виталий енді әлем чемпионы атағын бағындырсам дейді.

Виталий Делль, Спорттық акробатикаға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәриеленушісі:

-Әке-шешемнің 5 жасымда жетектеп осы мектепке әкелгені әлі есімде. Сол уақыттан бері 7 жыл өтті. Мен біраз елдегі спорттық сындарға қатысып, жүлдегер атанып жүрмін. Былтыр АҚШ-та өткен әлем чемпионатында акробатикалық жолақта секіруден 2-ші орын иелендім. Ал, қазір алдағы чемпионатта жеңімпаз атануға әзірленудемін.

Ресейден үздік үш орынды қанжығалап келген жүлдегерлер биыл қараша айында Дания елінің Оденсе қаласында өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізуде. Жас акробаттар таңертең және кешке өткізілетін жаттығуларды жіберіп алмауға тырысамыз дейді.

 

 

Акбопе Танирберген