Спорт

Теріскейде Президенттік көпсайыстан ел чемпионатының жалауы желбіреді

Нұрхат Мыңбаев – жарысқа қатысушы, Ақтөбе қаласы:

 

-Мен Ақтөбе қаласынан келдім. Жақсы дайындалдым.

Мылтық ату сайысына жастармен қатар аға буын өкілдері де қатысуда.
Олар нысанды тік тұрып көздейді.

Серімхан Карбаев – жарысқа қатысушы, Қостай қаласы:

-Бірінші ату сайысында жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын.

Жалпы президенттік көпсайыс бойынша республика біріншілігіне қатысуға еліміздің 8 облысынан 150-ге жуық спортшы жиналған. Жарыстың алғашқы күні көпсайысшылар мылтық атты. Әр бір қатысушыға 10 оқ берілсе, соны 20 минуттың ішінде көздеген жерге дарыту керек. Нысанға дейінгі ара қашықтық 10 метр.

Валерий Самохвалов – жарыстың бас төрешісі:

-Әзірге мықтыларды нақты айта алмаймыз. Біздің көпсайысшылар сенімді ақтайды деген ойдамын. Тараз қаласында өткен былтырғы чемпионатта жерлестеріміз жалпы командалық екінші орын иеленген болатын.

Теріскейде байрақты дода шілденің 26 дейін жалғасады. Жарыстың келесі күндері спортшылар алыс және жақын қашықтықтарға жүгіреді. Соңғы шешуші кезеңдерінде спорттық граната, найза лақтыру қарастырыған. Жалпы, біріншілікте топ жарған спортшылар ел құрамасына қабылданады.

 

Култанов Байболат