Құқық қорғау органдары

СҚО республикалық “Көкнәр-2015” жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Данияр Найкин – Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің бастығы:

 

-Облыс орталығының түрлі аудандарынан жиналған есірткіге тәуелді тұлғалардың героин есірткі затын пайдалану үшін осы пәтерге жиналатындығы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижесінде Петропавл қаласының тұрғындары қылмыс үстінде әшкереленді. Бұдан бөлек, бұл іске қатыстылар есірткі заттарын сатты деп айыпталды, яғни бұл пәтерде героин – есірткі затының сатылатындығы әшкере болды.

Полиция қызметкерлері пәтерді тінту барысында шприцтер мен полимерлі пакеттен сарғыш түсті 8 грамм ұнтақты тапты. Химиялық сот сараптамасының нәтижесінде оның героин екені расталды.

Данияр Найкин – Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің басшысы:

-Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Петропавл қаласының тұрғындары 30 жас шамасындағы ер және әйел адам тергеу изоляторында қамауда.

«Көкнәр-2015» жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы өңірімізде есірткіге қатысты 54 құқықбұзушылық анықталды. Облысымыздың әр ауданында рейд жүргізетін топтар құрылды. Жалпы, жыл басынан облыста заңсыз айналымнан 15 кг аса түрлі есірткі заттары тәркіленді. Аталмыш шара қазанның 30-ына дейін жалғаспақ.

 

 

Айгерим Ержанова