Құқық қорғау органдары

Қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты жүктелген тапсырмалар шешімін табуда

 

Соған орай, Елбасының “100 нақты қадамының” бірі – тікелей осы жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік тұрғыда оңалтуды көздейді. Қазір стратегияны жасақтау жұмыстары жүруде. Ал ұлт жоспарының 34-ші қадамы аталмыш саланың материалдық жағдайын жақсартып, тергеу орындарының инфрақұрылымын жағрытуды көздейді. Осы ретте алдағы уақытта шаһардың іргесінде мамандандырылған тергеу изоляторы салынады.

Сейітқали Күркебаев – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысы бөлімшесінің басатығы:

-Президент бағдарламасымен “100 нақты қадамдар халықаралық тәжірибе және түрмелердің құрылыс, қызмет көрсету және басқару жеке секторды тарту үшін ұсыныстарды зерттеуде” 2015 жылғы 30-шы қаңтарда Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы шықты. Алдағы уақытта 1500 орынға шақталған мамандандырылған тергеу изоляторының құрылысы басталады. Нысан Омбы қаласына шығатын жол қиылысының аумағында орналасады.

Ведомствадағы тағы бір жаңашылдық – “Қазтест” жүйесі бойынша диагностикалық емтихан. Маңызды сынақты жергілікті жердегі қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 500-ден астам қызметкерлері тапсырды.

Сейітқали Күркебаев – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысы бөлімшесінің басатығы:

-Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 11-15 мамыры күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен “Қазтест” жүйесі бойынша Петропавл қаласында және аудандарда байқау сынағын өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бұл сынаққа қатысты Қылмыстық атқару дүйесі департаменті түзеу мекемелері және тергеу изоляторы басшылары мен қызметшілері диагностикалық тест тапсырды.

Жергілікті департамент қызметкерлері емтиханнан мүдірмей өткен.

 

 

Бакыт Садуакасов