Спорт

Айыртауда “менің елім – Қазақстан” туристік слеті өтті

Спорттық шара жыл сайын өңірдің әр ауданында өткізіледі. Солтүстіктің түкпір-түкпірінен келген балалар биыл “Арман” демалыс айлағында бас қосты. Шатырларын құрып орналасып алған 100-ге тарта жас туристке, 9 төреші мен ұйымдастырушылар алқасы сәттілік тіледі.

Қанат Сәдуақас, дене шынықтыру, спорт және АӘД бойынша өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:

 

-Бұл сайысқа облыс оралығының және әр ауданның командалары қатысып отыр. Жалпы саны 8. Бұл шара жыл сайын – туризімді дамытып, балалар арасында экологиялық тазалықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Бірінші ойын түрі – кросс-саяхат. Әр ауданның намысын қорғайтын 8 команда алғашқы кезеңге қызу дайындық жүргізуде. Мәселен көк жейде киген Қызылжар ауданының құрамасы бұндай саяхатқа жыл сайын қатысады. 2009 жылы алғаш өткізілген туристік көпсайыстың бірінші чемпиондары да осылар.

Нияз Назаров, сайысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

-Аосы тауда өтіп жатқан сайысқа екінші рет қатысуым. Қазір арнайы киімдерімізді киіп, алғашқы сынға дайын тұрмыз.

Ал, Ақжар аудандық құрамасының мүшелері жыл сайын жаңарып тұрады. Командаға 6 бала алынған. Барлығы 6-7 сынып оқушылары. Олар сайыстың ең кішшкентай қатысушылары. Бұған қарамастан, Ақжарлықтар үйге тек жеңіспен ораламыз деп отыр.

Сұлтан Жанатай, сайысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

-Мен бірінші рет қатысқалы тұрмын. Спортпен мектепте де айналысып жүргендіктен онша қыйын болмайды деген ойдамын. Жеңісті қолдан бермейміз.

Балалар ойынның басталуына сақадай сай. Төреші сөре белгісін бере салысымен, командалар жан-жаққа бытырап, өздерін күтіп тұрған сынақты тезірек орындауға асыға жүгірді. Бірінші сайыс – тауға арқан арқылы өрмелеп, қайта түсу. Қауіпті әрі күрделі тапсырманы ойдағыдай аяқтаған топ бірден шатыр тігуге кіріседі. Бұл үшін оларға берілетін уақыт – 5 минут. Тау басындағы күрделі сынақтарды аяқтаған балалар көл жағасына жүгіріп келді.

Бұл жерде оларға берілген тапсырма тіптен қызық. Оқушылар науқастың аяғын таңып, зембілге салып су арқылы көтеріп өтуде. Жасөспірімдер табиғат аясында өз қауіпсіздіктерін қамтасыз ете біліуі міндет. Сол себепті де алғашқы көмек көрсетуді уйренгендері абзал дейді төрешілер.

Ксения Иванова “Планета” туристік орталығының педагогы, сайыс төрешісі:

-Мен алғаш көмек көрсету кезеңіне төрелік етудемін. Балаларға берілген тапсырма – аяқ жіліншігі ашық сынған жағдайда қан кетуді тоқтатып, жараны емдеп, таңу болатын. Бұл жерде олар ауыртпайтын дәрі егуді, болмаса жгут салуды ұмытып жатады. Медицина қай жерде болмасын маңызды рөл атқарады. Сондықтан балаларға бұл үшін ескерту жасалып, ұпайлары шегеріліп жатады.

3 күнге созылған қызу бақталастықта былтырғы жылдың жеңімпаздары Облыс орталығының құрамасы топ жарды. Ал, екінші орынды Мағжан Жұмабаев ауданы иемденсе, үздік үштікті Қызылжар ауданының жас спортшылары тұйықтады.

 

Акбопе Танирберген